Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Балалар белсенділік танытып, алғыс хаттармен марапатталды.
Мұражай— жәдігерлер мекені. Лагерь тәрбиеленушілерімен Шоқпар ауылдық мәдениет үйінде орналасқан мұражайға саяхат жасадық. Барлық балалар мұражайды үлкен қызығушылықпен аралады. Қасиетті өлкенің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалған құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу керектігін ұғынды.













