» Материалы за Апрель 2024 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Автор: admin от 1-04-2024, 23:57, посмотрело: 9

0 1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

2024-2025 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады.
Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылуда:
1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
2) қағаз түрінде
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
✓ ата-ананың өтініші;
✓ баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
✓ «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлеметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортын» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
​Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:
• микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған. (Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);
• сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
• білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.
Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Категория: ---

 

⚜20-НАУРЫЗ - «ҰЛТТЫҚ СПОРТ» КҮНІ⚜️

Автор: admin от 1-04-2024, 23:56, посмотрело: 7

0 ⚜20-НАУРЫЗ - «ҰЛТТЫҚ СПОРТ» КҮНІ⚜️
⚜️Дәстүрлі құндылықтарымыздың бірі және бірегейі - ұлттық спорт ойындарымыз. Зерттеулерге сүйенсек, көшпелі қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінің қоржынында 150-ге жақын ойындар бар екен. Ата-бабамыз ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығымыз бүгінде өз жалғасын табуда.

Категория: ---

 

⚜️18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

Автор: admin от 1-04-2024, 23:54, посмотрело: 7

0 ⚜️18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

Категория: ---

 

ӘЗ НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

Автор: admin от 1-04-2024, 23:52, посмотрело: 8

0 ӘЗ НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

Категория: ---

 

«QH Жаздық жолдама-2024» жобасы бойынша 5 оқушыға жолдама сертификатын әкімшілік қызметкері А.Абдимаханова мектеп директоры Д.Д.Бегимбаевқа табыс етті

Автор: admin от 1-04-2024, 23:50, посмотрело: 7

0 15 наурыз «Қайырымдылық күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шарада қазақ халқының асыл қасиеттерінің бірі - жомарттық, кеңпейілділік көрсетуге О.Жандосов атындағы шағын орталықты орьп мектебі қатысты.
✅«Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық қамқорлық акциясының негізгі мақсаты - жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

Категория: ---

 

КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ

Автор: admin от 1-04-2024, 23:48, посмотрело: 6

0 КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ

Категория: ---