0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған байланысты, 1-маусым "Балалар күні" мерекесіне арналып, Ораз Жандосов атындағы негізгі мектебінде "БАЛДӘУРЕН" жазғы сауықтыру демалыс алаңының ашылу салтанаты өткізілді. Мемлекеттік әнұранмен ашылған іс-шараны мектеп басшысы Д.Д.Бегімбаев пен қамқоршылық кеңесінің төрайымы Л.Д.Жақсыбаева балаларға ізгі тілегін білдірумен жалғастырды. Балалар ән айтып, әсем билерін биледі. Мереке соңында лагерь тәрбиешілерінің демеушілігімен балаларға балмұздақ таратылды.