» Материалы за Март 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

О.Жандосов атындағы орта мектеп қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

Автор: admin от 7-03-2018, 03:10, посмотрело: 1687

19

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы

қамқоршылық кеңес отырысының

№1 ХАТТАМАСЫ

Шоқпар ауылы03.03.2018 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1. Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес жанынан құрылған «Қамқоршылық кеңесі» мүшелері арасынан төраға менхатшыны сайлау туралы.

2. 2017-2018 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы мектеп директоры Е.Примбердиевтің білім беру қызметін ұсыну сапасы бойынша есебі.

3. Қамқоршылық кеңестің жылдық жоспарын талқылап, бекіту туралы.

Тыңдалды:

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылғы 13 ақпандағы «Білім беру ұйымдары жанынан қамқоршылық кеңестер құру және оның құрамын бекіту туралы» №109 бұйрығымен Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес құрамы бекітілгендігін және бүгінгі кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелері мен мектеп директоры Е.Примбердиев таныстырды.

Келесі сөз кезегін алған Кулебаев Мұрат Айтжанұлы кеңес отырысына қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстыра отырып, осы бұйрық аясында кеңес мүшелері арасынан Шоқпар ауылы, Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес төрағасын (төрайымын) және хатшысын ашық дауыс беру тәртібімен сайлап алу қажеттігін айтып өтті. Дауыс беруге қамқоршылық кеңес мүшелері

Шалбаев Құттыбай Саудабайұлы, Боранбеков Бақытжан Абишович, Бегимбаев Данабек Толықбаевич, Карибаева Асия Ашимкуловна, Кулебаев Мұрат Айтжанұлы, Бериков Ербол Кайсаралиевич, Табаев Данияр Әбілдаұлы,Тұтқышбаева Зейнеп Әсетқызы Сарбаев Әуезхан Сейтханович Орозбаева Кызылкуль Сабатбековна, Абдиев Нұрлан Серікбайұлы қатысып, басым дауыспен Шалбаев Құттыбай Саудабайұлы Шоқпар ауылының Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес төрағасы болып, кеңес хатшысы Орозбаева Кызылкуль Сабатбековна сайланды.

Мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес төрағасы Шалбаев Құттыбай Саудабайұлы:

Мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелерін өзіне сенім артып, бірауыздан қолдағандары үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз кезегі мектеп директоры Примбердиев Ерғалым Қуанышұлына берілді.

2017-2018 оқу жылының бірінші жарты жылдығында мектепішілік атқарылған іс-шаралар мен білім сапасы туралы толықтай атап өтті.

Үшінші мәселе бойынша кеңес төрағасы Шалбаев Құттыбай Саудабайұлы :

-«Білім беруұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын

ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының 3-тарауы, яғни «Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі» бойыншы алдын-ала өз арамызда келісіліп, кеңестің тоқсандық немесе жылдық жоспарын бекітіп алу қажет?» деп, сөзін аяқтады.

Қамқоршылық кеңесмүшелері тарапынан жоспарғатөмендегідей

ұсыныстар айтылды.

1. Мектеп оқушылары арасынан жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, олардың құжаттарын реттеп, уақыттылы көмек алуын басты назарға алуды бақылау;

2. Мектеп оқушыларының,соның ішінде 1 сынып оқушыларының тегін тамақтандыру жұмысын ұйымдастыру, қадағалау;

3. Қамқоршылық кеңес отырысын әр тоқсанда өтуін ұйымдастыру;

4.Аз қамтылған, көпбалалы отбасылар бойыншатізімге алынған

мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетілін қадағалау;

5.Мектеп директорының атқарғанжұмыстары бойынша жылына екі рет

есеп беруін ұйымдастыру.

 

Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектеп жанындағы қамқоршылықкеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1.Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты ортамектеп жанындағы

қамқоршылық кеңес төрағасы болыпШалбаев Құттыбай Саудабайұлы, кеңес хатшысы болып Орозбаева Кызылкуль Сабатбековна сайлансын.

2.Шоқпар ауылындағы Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта

мектеп директоры Примбердиев Ерғалым Қуанышлының ағымдағы оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.

3.Мектеп жанындағы қамқоршылықкеңестің жылдық жұмыс жоспары

бекітілсін.

 

 

Кеңес төрағаҚ. Шалбаев

Кеңес хатшысыҚ. Орозбаева

Кеңес мүшесі Б. Боранбеков

Кеңес мүшесіД.Бегимбаев

Кеңес мүшесіА. Карибаева

Кеңес мүшесіМ. Кулебаев

Кеңес мүшесіЕ. Бериков

Кеңес мүшесіД. Табаев

Кеңес мүшесі З. Тұтқышбаева

Кеңес мүшесіӘ. Сарбаев

Кеңес мүшесі Н. Абдиев

 

 

 

Категория: Мектеп