0
Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 9 сыныптар арасында "А. Байтұрсынұлы және қазақ қоғамы" атты дөңгелек үстел өткізілді. 20 ғасырда азаттық пен бостандық жайында сөз болса алдымен ел мақтанышы, еркін ойлы Ахмет Байтұрсынұлы есімізге түсетіні анық. Мектеп кітапханашысы З. Апашева дөңгелек үстел барысында оқушыларға Ахметтің өмірі жайында біраз мағлұмат беріп, өз ойларымен бөлісті. Сондай -ақ Байтұрсынұлының саяси қызмет жолы мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында сөз қозғалды.