0
Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Бегімбаев Данияр Данебекұлы бастап, жиналған жұртты жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Жиналысқа мектеп әкімшілігі және ата-аналар қатысты.